• КІРУ X
ЛОГИН:
ПАРОЛЬ:   
  Кіру      Пароліңізді ұмытсаңыз?
 
ТІРКЕЛУ
ІЖӨ 8 пайызды құрады Байланыс саласы Гүлденген ауыл
Графикасыз
БІЗДІ ҚАЛАЙ КӨРУГЕ БОЛАДЫ?  
ҚАЗ РУС ENG
Кіру  |  Журналдар  |  Кино  |  Жазылу  |  Форум  |  Кері байланыс
OK
Кеңейтілген іздеу
 
АНОНС
Дүйсенбі – 6 қыркүйек
«Regional Focus»
- «Қазақстандық шегара күзеті»
«Regional Focus» - «Орманды өрттен қорғау»
«Portrait» - «Қолөнер шебері Айжан Беққұлова»
«Regional Focus» - «Мамандық-оқытушы»
«Regional Focus» - «Нұрлан Меңдіғалиев»
«Astana life» - «Астанадағы «Думан» океанариумы»

Сейсенбі - 7 қыркүйек
«Regional Focus»
- «Өрт сөндіру қызметі»
«Science&Industry» - «Катализ институты»
«Regional Focus» - «Педагогикалық отряд»

Сәрсенбі - 8 қыркүйек
«Regional Focus»
- «Ақмола облысының сүт шаруашылығы»
«Astana life» - «Астанадағы «Думан» океанариумы»
«Portrait» - «Суретші Николай Постников»
«Regional Focus» - «Алматыдағы ауыз суы»
«Regional Focus» - «Дала қыраны 2010»
«Regional Focus» - «Тең мүмкіндіктер»

Бейсенбі – 9 қыркүйек
«Regional Focus»
- «Интернациональная семья Оразалиновых»
«History» - «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы»
«Regional Focus» - «Мүгедектерге арналған қалалық туризм»

Жұма – 10 қыркүйек
«Regional Focus»
- «Нұрлан Меңдіғалиев»
«Adventure» - «Есік шатқалы»
«Regional Focus» - «Дала қыраны 2010»
«Regional Focus» - «Тең мүмкіндіктер»
«Astana life» - «Астанадағы «Думан» океанариумы»
«Regional Focus» - «Орманды өрттен қорғау»
«Portrait» - «Қолөнер шебері Айжан Беққұлова»

Сенбі – 11 қыркүйек
«Regional Focus»
- «Қымыз өндіру»
«Culture» - «Таңсәрі» балалар театры»


Астанада «Қазақстанның телекоммуникациялық нарығын әрі қарай дамытудың негізі – радиобайланыс және сандық хабар таратудың алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу және дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференция өз жұмысын бастады. 2015 жылға қарай, бүкіл әлем сандық телевизия мен радиобайланысқа толығымен көшпек. Осы орайда, көштен қалмай, халықты сапалы ақпарат көздерімен қамтамасыз ету, мемлекеттің алдына қойып отырған маңызды шаруаларының бірі. Еліміздегі телевизияны сандық жүйеге толығымен көшіру, технологиялық жаңарумен қатар, әлеуметтік мәселенің де шешілуіне ықпал етеді. 2015 жылға қарай, шалғай аудандардың тұрғындары да барлық орталық телеарналардың бағдарламаларын көре алады.

Генрих Юшкявичус, Цифрлық альянстың халықаралық ынтымақтастық Комитетінің төрағасы. /Ресей Федерациясы/:
- Ең бірінші кезекте, сандық телевизия, шағын елді мекендер мен қалалардың тұрғындары үшін аса пайдалы болмақ. Мысалы, технологиясы аса дамыған Францияның өзінде, сандық телевизия пайда болмас бұрын, халық бар-жоғы 5-6 арнаны ғана көре алатын. Ал сандық телевизияның арқасында, қазір олар бірден 18 тегін арна мен қосымша ақылы 10 арнаның бағдарламаларын тамашалай алады. Сондықтан сіздер де, келешекте қазіргіден көп бағдарламаларды көре аласыздар.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүруде. Алайда шешімін табуы тиіс бірнеше мәселе бар. Солардың бірі, халыққа көрсетілетін бағдарламалар әзірлеу мен олардың сапасы. Осы орайда, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған «Арна-медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің алдында маңызды міндеттер тұр.

Ерлан Байжанов, «Арна Медиа» ҰАХ АҚ Басқарма төрағасы:
- Мемлекет, Мәдениет және ақпарат министрлігі, біздің холдинг үшін, менің ойымша, басты міндет, халыққа телевизияның сан алуан мүмкіндігі мен өнімін ұсыну. Бұл қазіргі таңда тіпті Ресей үшін де үлкен мәселе. Сондықтан алдағы бірнеше жылдағы біздің стратегиялық бағытымыз үшін, аса қомақты ресурстар тартылу керек. Және олар тек қаржы ғана емес, сонымен қатар, телеарналардың қатарын көбейте түсу үшін, білікті де интеллектуалды мамандарды да қамтуы қажет.

Әрине, телеарналардың көптігі жақсы. Бірақ оларда көрсетілетін сапалы бағдарламалардың да болуы маңызды. Жоғарыда айтылғандай, бұл проблеманы Ресей де басынан өткеруде. Сондықтан, ол жақта шет елдік бағдарламалардың орысша нұсқасын әзірлеу, немесе, оларды орыс тіліне аударып көрсету үрдісі бар. Ал Қазақстанның тағы бір ерекшелігі, бағдарламалардың мемлекеттік тілді де қамтуы.

Ерлан Байжанов, «Арна Медиа» ҰАХ АҚ Басқарма төрағасы:
- Әрине, бұл мәселе дубляждың үлкен жұмысын талап етеді. Қазіргі таңда сапалы бағдарламаларды ұсына алмасақ та, оларды мемлекеттік тілге аударып, халық назарына ұсынуымызға болады. Мысалы, Ресейде бұл мәселе жолға қойылған. Осылайша, әлемнің көптеген танымал арналарын жергілікті халық орыс тілінде тамашалай алады. Біз де осы мәселенің шешімін табуымыз абзал.

Сандық телевизия мен радиобайланыс жақын болашақтың еншісінде болса, ұялы телефон байланысының 3G стандартына көшу алдағы көктемнен басталмақ. Әзірге Астана мен Алматы қалаларын қамтитын жоба, алдағы уақытта бүкіл елді қамтиды.

Айдар Арифханов, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары:
- Жүйе толығымен осы жазға дейін іске қосылуы тиіс. Сәуір мен мамыр айларында Астана мен Алматыда олар жұмыс істей бастайды. Одан әрі қарай, 2 жылдың ішінде барлық облыс орталықтары, соңыра халқының саны 70 мыңнан асатын елді мекендер, соңғы кезекте түгелдей ел аумағы қамтылады.

Мамандардың айтуынша, 3G стандарты енгізілген жағдайда, бейне қоңырау шалудың ғана бағасы қымбаттамақ. Ал өзге байланыс түрінің ақысы өзгеріссіз қалады. Әзірге ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіліп, қаржы мәселесі шешілуде.

Әбілхан Баймұратов. ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс Департаментінің директоры:
- Қазір жұмыс жасап жатқан 3GSM операторларына бірдей қылып үш жиілік бөліп береміз. Оның бір көлемдік бағасы анықталды. Ол бес миллиард теңге. Қазіргі таңда біз үш компанияға хат жолдадық. Егер осы 5 миллиард көлеміндегі ұсынысқа келісім берілсе, біз жақын арада сол компанияларға лицензияны және радиожелідегі рұқсат қағаздарын береміз. Қазір біз сол компаниялардан хат күтіп отырмыз.

Халықаралық конференция өз жұмысын ертең де жалғастырмақ. Мамандар, сандық телевизияның Қазақстандық үлгісін саралап, әлемдік тәжірибелерге зер салмақ.

04.02.2010 20:32
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30
МАТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Нашар
Орташа
Жақсырақ болуы мүмкін
Жақсы
Өте жақсы

ЕҢ КӨП ОҚЫЛАТЫН