Испан футбол біріншілігінің жиырма бірінші турында Барселона Хетафемен жасыл алаңға шықты. Кімнің тасы өрге домалайтыны белгіл болатын. Алайда алты минут бойы қонақтар шабуылдап, Ноу Камқа келген жұртты қайран қалдырды. Жетінші минутта Яя Туре жетегіндегі допты Лионель Мессиге ұзатып, Аргентина сұрмергені есеп ашты. Көп ұзамай Барселонаның бір ойыншысы алаңнан қуылды. Херард Пике Рааэль Лопесті тұсап еді, ойын тәртібін бұзған екен. Үзілістен кейін де Каталония командасы шабуылды өрістетті. Сейду Кейтаның текпен добы далаға кетті. Сосын Месси Хави Эрнандеске пас ұсынып, жасындай жарқылдаған жартылай қорғаушы мергендік танытты. Матч аяқталар тұста Рафаэль Маркес Кепе Бланконы шалып жығып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Роберто Сольдодо мүлт кеткен жоқ.
08.02.2010 20:07