Бүгін Астанада Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев бизнес, өнеркәсіп және банк өкілдерімен индустрияландыру жобасын талқылады. Министрлік алты ай бойы түрлі саланың мамандарымен бірлесіп Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Маңызды құжат бірнеше рет талқыланып, кешенді сараптамадан өтті. Бизнес өкілдері бағдарлама жобасында қаржылық инструменттер нақтыланып, кәсіпкерлерге мейлінше ыңғайланғанын атап өтті. Мәселен, жобаның басым бағыттарының бірі – фармацевтика саласына 500 млн. доллар бөлінеді, оның аясында 5 зауыт салынбақ.
Серік Сұлтанов, «Қазақстан ФармМедИндустрия» қауымдастығының президенті:
- Ел Президентінің Жолдауында отандық фармацевтика өнеркәсіптің алдында үлкен мақсат қойылды – біз 2014 жыл 50 пайыз қолданылатын дәрі-дәрмекті өзіміздің кәсіпорындар шығару керек. Сондықтан, осы 6 ай болды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына директорлар, біз қауымдастықтар фармацевтикалық – бәріміз қатынасып бірге жұмыс жасадық. Жаңа завод модульдан саламыз, 2013 жылы оның бәрін жіберейін деп отырмыз, соған көп жұмыс жасалды, мен ойлап отырмын қазір барлығы осы бағдарламада бар.
08.02.2010 21:34