Қаз
Caspionet үш тілде таралады:
қазақша: 00.00-03.00, 06.00-09.00, 12.00-15.00, 18.00-21.00;
орысша: 15.00-18.00, 21.00-24.00;
ағылшынша: 03.00-06.00, 09.00-12.00.
Бармысың, бауырым?
|
Бармысың, бауырым?

Iз-түзсіз жоғалып кеткендерді Қазақстан мен ТМД аумағында және шетелдерден іздеп, табылған адамдардың туған-туыстарымен кездестiретiн «Бармысың, бауырым?» циклдық телевизиялық бағдарламасы.
 

«Бармысың, бауырым?» циклдық телевизиялық бағдарламасы «Хабар» арнасының эфиріне 2003 жылдың қазан айынан бастап шығады. 1,5 жыл ішінде бағдарлама көмегімен Қазақстан бойынша және ТМД аймағынан 1000-нан астам адам табылды.
Бұл қатысушылар өте көп мөлшерде тартылатын телешоу. Із-түзсіз жоғалған адамдарды тікелей іздеумен айналыстан арнайы жеделтоп жұмыс істейді. Келген ақпарат арасынан редакторлар анағұрлым қызықты, адамның жоғалуына түрткі болған түрлі психологиялық қиыншылықтарды көрсететін хаттарды іріктеп алады. Негізгі жұмыс көрермендердің хаттарымен жүреді. Бағдарламаға Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай елдерінен адамдар қатысады.

Айдарлары:
- «Өмір – дария» – Телепортрет, бұл жерде өзінің туыстарын іздеуші адамның мінез-құлқы ашылады
- «Өмір - дерек» - кездесу-сюжеттер, олардың студияда немесе Қазақстанның түрлі аймақтарында түсірілуі мүмкін.
- «Көзайым хат» - көрермендердің хаттары нақышты диктор дауысымен оқылып, түрлі видеоқатарлармен безендіріледі. Әсіресе мазмұнды хаттар ақпаратты айшықты беру үшін актерлардың қатысуымен қойылым ретінде ұсынылады.
- «Іздеу саламыз» - із-түзсіз жоғалғандардың суреттері мен өмірдерегі.
Бағдарламаның іздеу тобының жұмысы келіп түскен хаттардан бастау алады. Солардың негізінде жоғалған адамдар жөнінде нақты мәліметтер жинақталады. Содан кейін бағдарлама қатысушылары арнайы бланк толтырады да, жұмыстың алғашқы кезеңі басталады. Түскен ақпараттарды редакторлық топ мұқият сараптап, эфирге шығарады, содан соң жедел топ арнайы орындарға сұрау салады. Бағдарлама тегін қызмет көрсетеді.

Ұзақтығы: 50 минут
Таралу тілі: қазақша, орысша.

Шығармашылық топ:

Продюсері - Шолпан Жананова
Жүргізушілері - Қымбат Досжан, Сергей Пономарев
Сценарий авторлары - Гүлмира Ахметова, Ақпанбет Әліш, Ғалия Бухал
Режиссері - Гүлфариза Зұлқашева
Дыбыс режиссеры - Елена Маслова
Іздеуші редакторы - Ғазиза Керешова

________________________________________
Назар аударыңыздар!
________________________________________
Егер сіз бағдарламаға қатысуға ниет білдірсеңіз, арнайы сауалнаманы толтырып, barmysyn@khabar.kz электронды поштамызға жіберіңіз.
Біздің мекен-жайымыз: 050013, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, «Хабар» агенттігі, «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы. Тел.: 2-700-101, 2-700-102.

Кері байланыс:

Бағдарламаға қатысқысы келетiндер.
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, “Хабар” агенттігі, «Бармысың, бауырым?» бағдарламасына немесе Barmysyn@khabar.kz электронды мекен-жайына хат жазуына, сондай-ақ 8 (327) 2-700-101, 2-700-102 телефондарымен хабарласуына, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, мекен-жайында орналасқан «Хабар» телеарнасының кеңсесiне келіп, 11-01, 11-02 ішкі телефондары арқылы біздің бағдарлама қызметкерімен кездесе алады.
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жедел тобы сенбі мен жексенбіден басқа күндері 10.00-нан 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері дауыстық пошта жұмыс істейді. Сондай-ақ, Сіз тәуліктің кез келген уақытында телефон мен автоматты жауап беру қондырғысында ақпарат қалдыра аласыз. Біздің операторларымыз Сізбен міндетті түрде хабарласады!

Бағдарламаны дайындаған «Хабар» агенттігі.
 



Сайтты құрастырушы