«Іске сәт» - Қазақстанның іскерлік өмірі туралы ең өзекті, ең жедел ақпараттар өзегі: қазақстандық және әлемдегі экономикалық жаңалықтар, қаржылық шолу, жаңадан қабылданған немесе талқылаудағы заң жобаларын талдау, еліміз бойынша жылжымайтын мүлік бағасын бағамдау, іскерлік көрмелер мен конференциялар.
«Іске сәт» бағдарламасы – кино әлемі, фэшн-индустриясы, шоу-бизнес және авто мен жоғарғы технологиялар әлеміндегі ең қызықты жаңалықтар.
Айдарлары:
«Бизнес пен билік»
Қабылданған заң жобаларына шолу, индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары, мемлекеттің ҚР қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларын түсіндіру.
«Компаниялар» («Бизнес бастау»)
Белгілі қазақстандық компаниялар туралы репортаждар. Құрылу тарихы, қазіргі жағдайы, жетістікке жету жолдары.
«Теңге тиыннан құралады»
Өзінің жеке бюджетін меңгеріп, табысын арттыруды үйренгісі келетіндерге арналады. Табыс табу мен ақшаны сақтаудың жолдары.
«Бизнес пен білім беру»
Жыл өткен сайын білім беру табысты сақтаудың ең тиімді жолына айналуда. Бұл болашақты инвестициялау болып табылады. Жаңа айдарда сөзге тиек болатын бизнес пен білім берудің өзара қатынасы.
«Таңғы ас»
Таңғы шәйді бірге іше отырып, бағдарлама қонағымен телесұхбат жүргізу. Еліміздегі қызықты жандар, жайлы орта мен кәсіби жетістіктің құпиялары.
«Бизнес - кеңесші»
Бизнес қоғамдастығының өзекті сұрақтарына жауаптар. Интерактивті айдар: «бүгінгі күн сауалын» телекөрермендерде қою.
«Бүгінгі күн мәзірі»
Ас мәдениеті, дәмді әрі дұрыс тамақтану жайында және әртүрлі елдердің ас мәзірлермен танысу.
«Туризм»
Шетелге жиналғандар үшін пайдалы ақпарттар: қонақүй бағасы, көлік арендасы, ұлттық тағам, валюта курсы және т.б. Қазақстанның ішкі туризмі, еліміздегі демалыс орындары мен шипажайлары, туристік бизнесті дамыту.
«Қызмет көрсету саласы»
Көңіл көтеру және спорт индустриясы, қызмет көрсету және денсаулық сақтау, білім және кеңес беру салаларындағы қызметтер туралы.
«Өмір сүру салты»
Сұлулық пен денсаулық, өмірдің сапасы мен салты. Телекөрермендер көрсетілім және тиімді кеңестер арқылы сауалдарына толық жауап алады.
«Жетістікті аналар»
Өз өмірлерімен өзгелерге үлгі болатын нәзік жанды отандастарымыздың жетістікке жету құпиялары: тілек, жеке тәртіп пен дұрыс қабылданған шешімдер.
«Қаржы нарығының апталығы»
Әлем мен Қазақстан қаржы алаңдарында апта ішінде орын алған жағдайлар.
«Ревю»
Сән, шоу-бизнес, дүниежүзілік және қазақстандық киноиндустрия әлемі, мәдени және зиялы орта жаңалықтары.
«Автограф»
Автосүюшілерге арналған айдар. Ең жаңа фактілер мен сенсациялар, әлемдегі автосүюшілердің қызықты оқиғалары.
Таралым тілі: қазақ, орыс
Ұзақтығы: 3 сағат
Бағдарламаны дайындаған «Хабар» агенттігі.

1350